386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

  • 156
  • UPD: 17:07, 27.08.2019
Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.

Жиында Nur Otan партиясын жаңғырту бағдарламасының орындалу барысы баяндалды. Қалалық филиал жетекшілігіне Президент пен партияның сайлауалды платформасын және съезд қорытындыларын жүзеге асыруға тиісті бақылау орнату қажеттігі айтылды. Бұдан бөлек, партия алаңында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның тығыз жұмыс істеуі үшін жайлы жағдай жасау керектігіне мән берілді. Сондай-ақ жергілікті мәслихатта фракция рөлін күшейту, жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыру және Jas Otan жастар қанатының белсенділігін арттыру сынды мәселелер қаралды. 

Хабар 24 телеарнасы