386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды

  • 349
  • UPD: 17:20, 27.08.2019
Елімізде 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды kazislam.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен келер жыл Волонтер жылы деп жарияланды.

Бұл туралы ҚР Президентінің ресми сайты хабарлады. 

Волонтерлікті дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті                                   Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 26 тамыз

№ 135

Хабар 24 телеарнасы