387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

  • 172
  • UPD: 20:43, 28.08.2019

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі Ресей Федерациясының Төтенше және өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.

Басқосуда тараптар Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы әріптестік және ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Елбасының айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас өзара сенімге негізделген. Бірлескен 10 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Әрі Ресей экономикалық тұрғыда еліміздің ең ірі серіктесі. Дегенмен, екі ел әріптестігін әлі де тереңдету үшін бірлескен іс-қимылдар қабылдануы қажет. Осы ретте қос мемлекетке ортақ кәсіпорындар құруға көбірек көңіл бөлу керектігі айтылды.

«Енді Ресей елшілігі өзара достыққа негізделген байланыстарды одан әрі де нығайта түседі деген сенім зор» деді Елбасы. Өз кезегінде дипломат Нұрсұлтан Назарбаевты Ресей халқы ерекше құрметтейтінін жеткізді. 

Алексей Бородавкин, Қазақстандағы РФ Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Ресей халқы сізді Тәуелсіз Қазақстанды құрушы және оның басты сәулетшісі ретінде  құрметтейді. Оның үстіне сіз еліңіз таңдаған стратегиялық бағыттың, оның ішінде Ресеймен орнаған берік байланыстың кепілі болып қала бересіз. Елшілік екі ел арасындағы келісімдердің орындалуы үшін нәтижелі жұмыс істей береді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы:

- Мы создали десять тысяч совместных предприятий. Россия – самый крупный экономический партнер Казахстана. За все годы моей работы мы построили близкие и доверительные отношения с Вашей страной. И сегодня мы следуем всем нашим договоренностям. Россия остается нашим основным союзником, партнером по всем направлениям. Мы дорожим нашими отношениями и будем развивать их дальше. Я говорил ранее, что в условиях санкций следует уделить особое внимание созданию совместных предприятий в различных сферах экономики.

Хабар 24 телеарнасы