389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне дайындалып жатыр

  • 181
  • UPD: 23:53, 28.08.2019
БҰҰ Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне дайындалып жатыр

29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні. Осы орайда  БҰҰ атаулы күнге қызу дайындық үстінде.

Айта кетсек, 2009 жылы Қазақстанның бастамасымен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы халықаралық ядролық сынақтарға қарсы қарар қабылдаған еді. Енді осы датаға орай Қазақстаннның Ядролық қаруға тыйым салу туралы құжатының ратификациялау грамоталарын табыстау шарасы өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, 3 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы» заңға қол қойған еді. Бұл Тұңғыш Президенттің 2045 жылға қарай ядролық қарусыз әлем құру бастамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам болды. Сондай-ақ мереке қарсаңында Ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш үндеу жасап, әлем елдерін аталған келісімді ратификациялауға шақырды. Оның айтуынша, бұл күнді барлық ядролық қарудың көзі жойылмайынша атап өту қажет.

Хабар 24 телеарнасы