387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тегеран Қазақстанның антиядролық бастамаларын қолдайды

  • 128
  • UPD: 14:51, 29.08.2019

Иран саясаткерлері Қазақстанның ядролық қаруға қарсы бастамаларын қолдайтынын және оларды әлемдік аренада қорғауға дайын екенін мәлімдеді.

Тегеран үшін бұл мәселе өте маңызды. Себебі елдің бейбіт ядролық бағдарламасы өзге елдермен қатынасына сызат түсіріп, жағдайдың ушыға түсуіне әсер етіп отыр.

Тегеранның ядролық келісімге байланысты соңғы маңызды мәлімдемесі осыдан бірнеше ай бұрын жасалды. Иран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты өзге елдермен қол қойған «Бірлескен жан-жақты іс-әрекет жоспары» жойылған күннің өзінде де жойқын қару жасамайтынын мәлімдеді. Иран билігі әскери-саяси әлеуеті күшті елге мұндай қарудың қажеті жоқ деп санайды.

Бахрам Ханлар, «Iran today» телеарнасының директоры:

– Біздің рухани жетекшіміз осыдан 20 жыл бұрын кез келген химиялық қару ислам заңдылықтарына қайшы екенін айтқан. Иран – ислам мемлекеті. Сондықтан мұндай қаруды әскери мақсатта жасауға жол берілмейді. Осы ретте Иран Қазақстанның жойқын қаруға қарсы бастамаларын қолдайды. Тарих бірде-бір соғыс адамдарға бақыт әкелмейтінін көрсеткен. 

Аймақта бейбітшілік сақталса, Иран Қазақстанның бастамаларын қарастыруға дайын. Бұл тақырып Тегеран үшін өзекті. Себебі сол ядролық мәселелелер салдарынан оның өзге елдермен қатынасы шиеленісіп келеді. АҚШ Тегеранның ядролық бағдарламасы бейбіт емес, әскери мақсатты көздейді дейді. Жалпы Иранда атом энергетикасы өткен ғасырдың 50-жылдары қолға алынған.

Мариам Шокрани, саясаттанушы:

– Иран ядролық қаруды жасауды қаламайды. Сондықтан Қазақстанның бейбіт бастамалары маңызды. Біз ядролық қарусыздануды аймақтық және ғаламдық деңгейде де қолдап келеміз. Қазақстан – Шанхай ынтымақтастық ұйымында ықпалы күшті мемлекет. Сондықтан оның саяси әсіресе бейбіт идеялары біз үшін маңызды.

Иран өзінің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатта деген мәртебені сақтап қалуды дұрыс көреді. Алайда Тегеран ол ойын жүзеге асыра ала ма? Бәріне уақыт төреші.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша және Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы