385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы Жарлығы желіде жарияланды

  • 196
  • UPD: 11:58, 29.08.2019
Н.Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы Жарлығы желіде жарияланды VeniVidi.ru

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де 1991 жылдың 29 тамызында шыққан Семей полигонын жабу туралы Жарлықтың суретін жариялады. 

«29 тамыз – қазақ халқына қасiрет пен үміттi қатар сыйлаған күн. 1949 жылы 29 тамызда полигонда алғашқы сынақ жасалса, 40 жылдан астам уақыттан кейiн дәл осы күнi Нұрсұлтан Назарбаевтың сынақ полигонын жабу туралы Жарлығы шықты», – делінген Твитте.

 

Еске сала кетейік, бүгін – әлем бойынша ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні.

Хабар 24 телеарнасы