389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түрік саясаттанушысы: Қазақстан - ядролық қарусызданудың жаһандық көшбасшысы

  • 208
  • UPD: 20:13, 29.08.2019
Түрік саясаттанушысы: Қазақстан - ядролық қарусызданудың жаһандық көшбасшысы

Қазақстанның ядролық қарусыздануға қатысты қабылдаған шешімі мұқым әлем елдеріне үлгі болды.

Әрі бұл бастама еліміздің әлемдік аренадағы абыройын асқақтатты. Түріктің белгілі ғалымы Күршат Зорлу Анкарадағы халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай өткен жиында осылай деді. Саясаттанушы бұл қарар Қазақстанды ядролық қарусызданудың жаһандық көшбасшысына айналдырды, - дейді.

Күршат Зорлу, саясаттанушы:

- Былтыр Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланды. Бұл қазақ елінің дипломатия саласындағы үлкен жетістігі. Бұған сонау 1991 жылы 29 тамыз күні Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы қарары түрткі болды. Осылайша, туыстас ел әлем бейбітшілігі мен тұрақтылығына жетелейтін үлкен бастамаға қол жеткізді. Сондай-ақ Қазақстанды сенімді әрі қуатты елге айналдырды.

Хабар 24 телеарнасы