385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан ядролық қарусыздану жолында көшбасшыға айналды

  • 119
  • UPD: 22:27, 29.08.2019
Қазақстан ядролық қарусыздану жолында көшбасшыға айналды

Қазақстан ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, жойқын қаруға қарсы күресте жетекшілік етіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біздің елдегі Оңтүстік Корея елшілігінде бірнеше жыл қызмет еткен Сон Гым Ён осылай дейді. Дипломаттың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі елге шетелдік инвестицияны көптеп тартуға мүмкіндік ашты.

Сон Гым Ён, Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Корея елшілігінің бұрынғы кеңесшісі:

- Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, жойқын қарусыз да қарқындап дамуға болатынын әлемге паш етті. Қазақ елі ядролық қарусыздану жолында көшбасшыға айналды. Қазақстанның бастамасымен Орталық Азия ядролық қарудан азат аймақ деп жарияланды. Бұл саясатты Корея түбегінде де қолдануға болар еді. Солтүстік Корея жойқын қару жасаудан бас тартып, әлемдік қауымдастықпен бірігіп, даму жолын таңдайды деп үміттенемін.

Хабар 24 телеарнасы