386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенжер Имер: Назарбаев «Нобель» сыйлығына лайықты

  • 118
  • UPD: 22:31, 29.08.2019
Сенжер Имер: Назарбаев «Нобель» сыйлығына лайықты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Нобель» сыйлығына әбден лайықты.

Бұл Анкара дағдарыс және саяси зерттеулер орталығының бас кеңесшісі, белгілі ғалым Сенжер Имердің пікірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшы «Нұрсұлтан Назарбаев жылдар бойы ядролық қарусыздану саласында тынбай еңбек етіп, әлемде бейбітшілік орнатуға зор үлес қосты», - дейді.

Сенжер Имер, Анкара дағдарыс және саяси зерттеулер орталығының бас кеңесшісі:

- Қазақстан тәуелсіздік алғалы ғаламдық қауіпсіздікке айрықша үлес қосты. Назарбаевтың «ядролық қарусыз» әлем құруға қосқан үлесі зор. Оның бұл атаулы еңбегі Нобель сыйлығымен марапаттауға әбден лайық. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлының соңғы жылдары Сириядағы ахуалды реттеу үшін Астана процесін өткізуі төрткүл дүниеге үлгі.

Хабар 24 телеарнасы