386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йемен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді талап етті

  • 122
  • UPD: 13:56, 30.08.2019
Йемен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді талап етті

Йемен үкіметі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді талап етті. Бұған Біріккен Араб Әмірліктері әуе күштерінің Аден қаласын бомбалауы себеп болды.

Осыған байланысты Йеменнің сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, шабуылдың халықаралық құқықтарға қайшы әрекет екенін жеткізді. Сөйтіп, аталған мәселені Қауіпсіздік кеңесінде талқыға салуға шақырды. Айта кетейік, жуырда Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе күштері сепаратистік қозғалыстар орналасқан Аден қаласы мен Абьян провинциясына 10 рет соққы жасаған еді. Салдарынан 300-ге жуық әскери мен бейбіт тұрғын зардап шекті.

Хабар 24 телеарнасы