386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ сарапшылары: Қазақстанның Ата заңы әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың кепілі бола алды

  • 192
  • UPD: 20:27, 30.08.2019

Қазақ елінің Ата заңы әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың кепілі бола алды.

АҚШ сарапшылары осылай дейді. Айтуларынша, құжаттың басты ережелері мемлекеттің тұрақты дамуына негіз болып отыр.

Амир Досал, ғаламдық серіктестік форумының президенті:

– Мен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халқын Конституция күнімен құттықтаймын. Бұл құжат көшбасшылықтың, тиімді басқарудың, ашықтықтың үлгісі десем артық айтпағандық. Біз елдің әлеуетін арттыру жолында қыруар жұмыстың атқарылып жатқанынан хабардармыз. Мәселен, Парламентті, Сот жүйесін және Жоғарғы Сотты күшейту үшін жасалған демократиялық процестердің дамуы біздің көз алдымызда. Қазақстан БҰҰ-да зор құрметке ие, Қауіпсіздік кеңесінде де сәтті жұмыс істеді. Биылғы жылдың шілдесінде БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі саяси форумына қатысушылар Қазақстанның алғашқы ұлттық баяндамасын өте жақсы қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы