389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталды

  • 667
  • UPD: 10:18, 02.09.2019
Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталды lazurne.info

Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды.

Онлайн-платформаны қолдану жеңіл әрі өте ыңғайлы.

Үміткер  сайттың басты бетінде  президенттік жастар кадр резервінің іріктеуіне қатысты  мағлұматты инфографика арқылы біле алады. Онда іріктеуге кімдер қатыса алатындығы, уақыты мен іріктеу кезеңдері жазылған.

Тіркеу тәртібі барынша жеңілдетілген.

Үміткерге  міндетті түрде өзінің жеке мәліметтерін, аты-жөнін, тегін, ЖСН, іріктеу кезеңдерінен өтуге қолайлы тілді таңдап өзінің ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет.

Сонымен қатар ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келісіммен танысып, тиісті талаптарды қабылдауы керек.

Талаптарды қабылдамайынша үміткер Президенттік жастар кадр резервіне қатыса алмайды.

Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін үміткерлерге бар болғаны  PKRezerv.kz. сайтына тіркелу қажет.

Ақпарат kyzmet.gov.kz сайтынан алынды.

Хабар 24 телеарнасы