389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті: Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әралуандығында!

  • 285
  • UPD: 14:19, 02.09.2019
Қазақстан Президенті: Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әралуандығында! Ақорда

«Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет».

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауы кезінде айтты.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті: «Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әралуандығында!» деп мәлімдеді.

Бұдан бөлек келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетіндігін де еске салды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қазақстан халқына жолдауы кезінде жерді сату мәселесіне де тоқталды.

«Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз», – деді ол.

Мұның алдында ҚР Президенті қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі жеткенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру қажеттігін айтты.

Елімізде браконьерлерге қатысты заң қатаңдатылады. Президент елімізде браконьерлердің тамыры тереңге жайылғанын атап өтіп, Үкіметке 2 ай ішінде тиісті заң жобасын күшейтуді жүктеді.

Мемлекет басшысы жолдауының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы