387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент жолдауында ұлықтау рәсімінде қозғалған мәселелерді негізге алады – Д.Еспаева

  • 128
  • UPD: 12:16, 02.09.2019
Президент жолдауында ұлықтау рәсімінде қозғалған мәселелерді негізге алады – Д.Еспаева

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арналған алғашқы жолдауында сайлауалды бағдарлама негізге алынады.

Парламент Мәжілісінің депутаттарының айтуынша, биыл қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселелерге көп көңіл бөлінбек. Мәселен, адамның жеке басына, оның құқығына қол сұғу сияқты қылмыстарға жазаны күшейту туралы айтылуы мүмкін, дейді депутаттар.

Дәния Еспаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Осы жолғы жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде қозғаған тақырыптарды негізге алуы мүмкін. Мұның алдында болған аңдатпаға сай, қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде айтылады деп күтілуде. Биыл жастар жылы болғандықтан оларды қолдау және жас мамандарды даярлау бағдарламалары да сөз болады. Және ең бастысы әлеуметтік сұрақтарға ден қойылады.

Хабар 24 телеарнасы