389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейбіт митингтер өткізуге рұқсат беру керек – Қ.Тоқаев

  • 210
  • UPD: 14:17, 02.09.2019

Бейбіт митингтер халықтың мазасын алмай, заңды түрде өтетін болса, оған рұқсат беру керек.

Ол үшін арнайы орындар белгілеп, халықтың пікірін билік өкілдері ескеруі тиіс. Яғни заңды түрде ұйымдастырылатын акцияларды қолдау қажет. Митингтер өткізілетін жер қаланың шетінде болмауы міндетті. Бұл туралы Қазақстан халқына жолдауы кезінде Президент Қасым Жомарт Тоқаев айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі ролін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет екендігін де атап өтті.

Бұдан бөлек келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетіндігін де еске салды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қазақстан халқына жолдауы кезінде жерді сату мәселесіне де тоқталды.

«Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз», – деді ол.

Мұның алдында ҚР Президенті қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі жеткенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы жолдауының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы