387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында берген уәделері орындалып жатыр – Д.Қыдырәлі

  • 107
  • UPD: 14:14, 02.09.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында берген уәделері рет-ретімен шешіліп келе жатыр.

Мәселен, жемқорлықпен күрес, әлеуметтік мәселелер мен «Нұр Отан» партиясымен бірлесе атқарылып жатқан өзге де салалық жұмыстар. «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі осылай деді.

Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы:

- Бұл президенттің алғашқы жолдауы, сондықтан баршамыз бұған үлкен қызығушылықпен келіп отырмыз. Президент мырза өзінің твиттерінде жазды. Бұл жолдауда мына, қылмыстық мәселелер, сонымен қатар балаларды зорлау, зорлық-зомбылық мәселелерін де қарастырамыз деп. Сонымен қатар қазір қордаланған мәселелер бар, әлеуметтік мәселелер бар. Және президенттің сайлауалды бағдарламасында берген уәделері бар. Солар қалай шешіледі? Осындай мәселелер қарастырылады деп ойлаймыз.

Мемлекет басшысы жолдауының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы