389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚСЗИ сарапшысы Қ.Тоқаевтың жолдауына қатысты пікір білдірді

  • 632
  • UPD: 13:30, 02.09.2019
ҚСЗИ сарапшысы Қ.Тоқаевтың жолдауына қатысты пікір білдірді

Халық биылғы жолдаудан жаңа бағыттар, жаңа міндеттер күтеді. Ел дамуын көздейтін мәселелердің қатарына тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеру жағы да кіреді. 

Әсіресе тұрмысы төмен отбасылар мен  мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсарту, жұмыспен қамту, аймақтарды дамыту мәселелері де басты назарға алынуы мүмкін. Сарапшылар жолдауда жұртшылық көкейіндегі осы тақырыптар көтеріледі деп болжам жасап отыр.

Алуа Жолдыбалина, ҚСЗИ бөлім басшысы:

- Бізде бүгінде 10 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету механизмі көрсетілген. Яғни бұдан бөлек тағы да әсіресе жұмыспен қамту. Әғни әлеуметтік көмек көрсетумен қатар, одан да көп жағдайда жұмыспен қамтуға көмектескен дұрыс. Адам өзі жұмысқа орналасып, қаржысын тауып, сол арқылы өзінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға өзінің әлеуметтік жағдайын жақсартуы тиіс. Сол себепті еңбекпенн қамтамасыз етуге байланысты мәселелер туындауы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы