387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет Президент жолдауының басты бағыттарын талқылады

  • 249
  • UPD: 20:28, 02.09.2019

Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет мүшелерімен және облыс әкімдерімен кеңес өткізді.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауының басты бағыттары қаралып, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойып отырғаны айтылды. Президент айқындаған тапсырмаларды орындау экономиканың одан әрі өсуіне, әрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағыттарының негізінде ел азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпалын тигізбек, дейді Үкімет мүшелері. Мемлекет басшысының шетелден инвестиция тарту, өңірлерді дамыту және атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша қойған міндеттерін шешудің маңыздылығына да ерекше көңіл бөлінді.

Хабар 24 телеарнасы