387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық сарапшы: Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту дұрыс шешім

  • 121
  • UPD: 13:18, 03.09.2019

Президенттің Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлер санын қысқартуды ұсынуы дұрыс шешім.

Елде электрондық үкімет жақсы жұмыс істеп тұр. Ол мемлекеттік аппаратты қысқартуға мүмкіндік береді. Жолдауға қатысты пікірін білдірген «EurActiv» халықаралық медиа агенттігінің аға редакторы Георги Готев осылай дейді.

Георги Готев, «EurActiv» халықаралық медиа агенттігінің аға редакторы:

- Еуроодақта мұндай шешім қабылдау өте қиын. Өйткені ұйымға мүше барлық елдің келісімін алу керек. Менің ойымша, Еуроодақта мемлекеттік аппаратты қысқарту электрондық үкіметтің құрылуымен байланысты. Ол жақсы жұмыс істесе, мемлекеттік қызметкерлерді қысқартуға мүмкіндік береді. Бірақ оларды қайта жұмысқа орналастыру мәселесі де бар. Осы ретте елде шағын және орта бизнесті дамытуға күш салынуы кездейсоқтық емес деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы