387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушы: Мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту – бүкіл әлемге тән үрдіс

  • 129
  • UPD: 15:35, 03.09.2019

Қазақстан президенті жолдауында қозғалған басты тақырып әлеумет әл-ауқатын көтеру болған.

Саясаттанушы Дарья Чижованың пікірінше, мемлекет басшысы Қазақстан қауымын толғандыратын барлық мәселелер бойынша өз пікірін айқын білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктердің азаматтар алдындағы жауапкершілігіне ерекше көңіл бөлген. Мұны мемлекеттік аппарат санын қысқартумен қатар жергілікті биліктің жұмысын бағалау жүйесін ендіру туралы берген тапсырмасы көрсетіп отыр. Чижова бұл жүйені Ресейдегі билік басындағылардың рейтингісімен салыстырған. Өткен жылдың соңынан бастап, Ресейде губернаторлардың әлеуметтік жүйелерде халықпен байланысуын жұмыс тиімділігінің бір белгісі ретінде қарастырылып жатыр. 

Дарья Чижова, ММУ ақпараттық-сараптау орталығының директоры:

- Мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту бүкіл әлемге тән үрдіс. Мемлекеттік аппарат пен ұлттық компанияларға қыруар қаражат кетеді. Бұл ақшаны әлеуметтік мақсаттарға жұмсауға болады. Сондай-ақ Қазақстанда әкімшіліктің қарапайым тұрғындар алдында жауапкершілігіне үлкен көңіл бөлінбек. Бұл да бүкіл әлемде жүріп жатқан үрдіс.

Хабар 24 телеарнасы