389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Көппартиялық жүйе құруға ниетті Қазақстан жаңа белес алдында тұр

  • 209
  • UPD: 15:37, 03.09.2019

Осылайша, бәсекелестік ортаны күшейтуге болады. Бұл туралы Еуразиялық коммуникация орталығының директоры Алексей Пилько мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресейлік мейман Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған алғашқы жолдауын жіті зерттеп шыққан. Оның пайымынша, елдегі сот жүйесін реформалау, құқық қорғау саласын жетілдіру, жемқорлыққа қарсы күресті мығымдау үлкен жауапкершілік. Мемлекет басшысы бұл салалардың халық игілігі үшін жұмыс істеу керектігін алға тартты. Сондай-ақ сарапшы Қазақстанның посткеңестік елдер арасында бейбіт саяси транзит жүргізген алғашқы мемлекет екенін атап өтті.

Алексей Пилько, Еуразиялық коммуникация орталығының директоры (Ресей):

- Қазақстанда көп жыл билік жүргізген мемлекет басшысы өкілеттілігін уақытынан бұрын аяқтап, оның орнына басқа адам келді. Саяси реформалар басталды. Қазір посткеңестік мемлекеттер бұл үрдісті бақылап отыр. Меніңше, Қазақстандағы саяси-экономикалық өзгерістер оң нәтижесін береді.

 

Хабар 24 телеарнасы