389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин «Шеврон» компаниясының басшысымен кездесті

  • 189
  • UPD: 13:42, 03.09.2019
Асқар Мамин «Шеврон» компаниясының басшысымен кездесті primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин «Шеврон» (Chevron) компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы М.Уиртпен мұнай өндіру саласындағы өзара іс-қимылдың келешегі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет басшысы соңғы жылдары Қазақстан «Шеврон» компаниясымен тығыз және өзара тиімді ынтымақтастық орнатқанын атап өтті. Асқар Мамин жүзеге асырылып жатқан жобалардағы компанияның сатып алуларындағы жерігілікті қамту үлесін арттыруға қызығушылық бар екенін жеткізді.

Тараптар құны $36,8 млрд құрайтын «Теңізшевройл» (ТШО) келешекте кеңейту жобасын талқылады. Жобаны 2022 жылы аяқтау ТШО табысын жылына 12 млн тоннаға арттырады.

М.Уирт «Шеврон» компаниясы туралы ақпарат беріп, компанияның Қазақстан аумағындағы жобаларының өнімділігін атап өтті. 

Қазақстанның Шевронмен ынтымақтастығы мына жобалар аясында жүзеге асырылуда: Теңіз (50%), Қарашығанақ (18%) және Каспий құбыр консорциумы (15%). «Шеврон» энергия тасымалдаушыларды өндірумен және тасымалдаумен қатар, Атырау полиэтилен құбырлары зауыты (АПҚЗ) және Атырау құбыр желісі арматуралары зауыты (AҚАЗ) және т.б. жұмысын қамтамасыз етеді.

Кездесуге ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы А.Айдарбаев және Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев қатысты.

Хабар 24 телеарнасы