386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдік ақпараттық кеңістіктегі жағдай ушығып тұр – Қ.Қасымов

  • 132
  • UPD: 18:29, 03.09.2019

Елордада Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиында екі мәселе – ақпараттық кеңістікті сыртқы күштердің деструктивті ықпалынан қорғау және киберқауіпсіздік. Кеңес хатшысы Қалмұханбет Қасымов бұл екі бағыттың өзара байланысты екенін айтып, ақпараттық қауіпсіздіктің қазіргі таңдағы өзектілігіне тоқталды. Сондай-ақ оның экономикалық, саяси және қоғамдық өмірге тигізетін әсерін атап өтті. Бұдан бөлек, жиында қоғам мен мемлекеттік мекемелер арасындағы байланыс та талқыланды.     

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы:

- Әлемдік ақпараттық кеңістіктегі жағдай қазір шиеленісіп тұр. Көптеген жаһандық ойыншылар өзара ақпараттық соғыс жүргізіп жатыр. Гибридтік шабуылдар белең алып келеді. Ал оның зардабын кез келген мемлекет тартуы мүмкін. Үкіметтің ақпараттық кеңістікті дамыту мен киберқауіпсіздік мәселесіне үнемі назар аударатынын білеміз. Ал бүгін біз бұл мәселеге ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қарамақпыз.

Хабар 24 телеарнасы