387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат төрағасы ЕҚЫҰ Аз ұлттар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарын қабылдады

  • 138
  • UPD: 23:03, 03.09.2019

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Ламберто Заньерді қабылдады.

Тараптар осы саладағы  Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастық туралы ой бөлісті. Оның ішінде «көп ұлтты қоғамдағы полицияның қызметі» жобасын, цифрлық бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамды ақпараттандыру жағдайындағы мәдени өзгеріс мәселелерін талқылады. Дариға Назарбаева Орта Азиядағы CAEP білім беру бағдарламасын жоғары бағалайтынын айтты. Бұл бағдарлама әртүрлі этнос балаларын оқытатын мектептерде ана тілін меңгеруге мүмкіндік береді. Өз кезегінде Ламберто Заньер ЕҚЫҰ-ның Қазақстанмен әріптестікке аса мән беретінін айтып, ұйымға мүше елдердің әрқайсы қозғаушы күш болуы керектігін айтты.

Хабар 24 телеарнасы