Қасым-Жомарт Тоқаев Азия елдері қаламгерлерінің бірінші форумына қатысады
Бүгін елордада Азия елдері қаламгерлерінің бірінші форумы басталады.
Алқалы жиынға 38 елден ұзын ырғасы 80-ге жуық жазушы келді. Арасында Нобель сыйлығының номинанттары да бар. Тұңғыш рет ұйымдастырылған форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады.