386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Нығматулин: Өз уақытында, халыққа қажетті, сапалы заңдар қабылдаймыз

  • 119
  • UPD: 17:01, 04.09.2019

Елордада Мәжілістің жаңа парламенттік маусымдағы алғашқы жалпы отырысы өтті.

Жиынды ашқан Нұрлан Нығматулин төменгі палатаның биыл да халыққа қажетті, сапалы заңдар қабылдайтынын атап өтті. Айта кетейік, енді жалпы отырыстардан бөлек, жұмыс топтарының, комитеттердің маңызды жиындары Мәжіліс сайтында онлайн режимде көрсетіледі. Жаңа сессияның тағы бір ерекшелігі – Парламенттің төменгі палатасы латын графикасына көшті. Ғимараттағы барлық жазулар мен депутаттардың аты-жөні енді латын әріптерімен жазылады. Жалпы бүгінгі отырыста 20-дан астам сұрақ қаралды.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемел ұлы Тоқаев өз Жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаевтың саясатын жалғастыра отырып, Қазақстанымызды одан әрі дамытудың негізгі мақсаттарын белгілеп берді. Олардың барлығын заң жағынан қолдау үшін депутаттық корпустың алдында да жауапты міндеттер тұр. Сол үшін сессия барысында, біз өз уақытында халыққа қажетті сапалы заңдар қабылдайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы