385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев: Азия біріге алады

  • 146
  • UPD: 14:14, 04.09.2019

Дәл осы Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия біріге алатынын айтты.

Сонымен қатар Президент «Еуразия жүрегіндегі қазақ даласы Батыс пен Шығысты жалғайтын дәліз ғана емес. Ұлы дала елі – сан тараптағы ғылым мен білімнің, өркениеттердің тоғысқан тұсы» екенін жеткізді. Азия елдері бір кездері айырылып қала жаздаған мәдени, тарихи қатынастарын қалпына келтіруде. 20-ғасырда 2 жүйенің текетіресі Азияны да екіге бөліп, тұтас мәдениеттер арасына сызат түсірді. Орталық Азия темір құрсауға алынды. Халықтар мен мемлекеттер қақ жарылды. Алайда біз бәрімізге ортақ, бастауы бір құндылықтарымызды сақтап қалдық. Жасанды кедергілер жойылған соң, біртұтас әлем екенімізді қайта сезіндік, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мәдениеттердің жарасымды дамуын бір сөзбен әралуандық үйлесімі деп түсіну қажет. Ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» айтқаны осыны меңзейді. Азия біріге алады. Қайта жаңғырған Ұлы Жібек жолы – осының айқын дәлелі.

Хабар 24 телеарнасы