386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төменгі палата жаңа маусымға тағы қандай жаңалықтармен келді?

  • 134
  • UPD: 20:56, 04.09.2019

Жаңа парламенттік маусымда Мәжіліс латын әліпбиіне көшті. Ғимараттағы жазулар мен депутаттардың аты-жөндері енді латын қарпімен жазылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төменгі палата жаңа маусымға тағы қандай жаңалықтармен келді? Бүгінгі жалпы отырыста қаралған мәселелер қандай?

Мәжілісте қаралған заң жобалары туралы айтпас бұрын төменгі палата құрамындағы өзгерістерге тоқталайық. Осыған дейін депутат болып келген Бақтияр Мәкен мен Гүлнәр Ықсанованың өкілеттіліктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Естеріңізге салайық, алғашқысы шілде айында елорда әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Бұдан бөлек, жиында жаңадан сайланған үш депутат - Гүлшара Әбдіқалықова, Нұржан Әшімбетов және Жұлдыз Омарбекова Қазақстан xалқына адал қызмет етуге ант берді.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жиынға жетекшілік еткен Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әлеуметтік ахуалды күшейтуге, бюджет және салық жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғауға, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған мәселелерге айрықша көңіл бөлінетінін атап өтті.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемел ұлы Тоқаев өз Жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаевтың саясатын жалғастыра отырып, Қазақстанымызды одан әрі дамытудың негізгі мақсаттарын белгілеп берді. Олардың барлығын заң жағынан қолдау үшін депутаттық корпустың алдында да жауапты міндеттер тұр. Сол үшін сессия барысында, біз, өз уақытында, халыққа қажетті, сапалы заңдар қабылдайтын боламыз

Жалпы отырыста депуттардың назарына Армениямен арадағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды. Құжат екі ел арасындағы құқықтық негіздерді бекітуі тиіс. Бұдан бөлек, 2020-2022 жылдарға арналған бюджет, педагог мәртебесі сияқты заң жобаларына қатысты қорытынды әзірлеу мерзімі белгіленді. Айтпақшы, жалпы отырыстардан бөлек, жұмыс топтарының, комитеттердің маңызды жиындары енді Мәжіліс сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы