387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Болат Сәрсенбаев Қазақстанның Үндістандағы елшісі қызметінен босатылды

  • 156
  • UPD: 23:57, 04.09.2019
Болат Сәрсенбаев Қазақстанның Үндістандағы елшісі қызметінен босатылды mfa.gov.kz

Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Болат Сәрсенбаев қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды», делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы