386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Қ.Тоқаевтың елді демократияландыру бастамаларын бағалады

  • 149
  • UPD: 09:02, 05.09.2019

Еуроодақ басшылығы Қазақстан президентінің елді одан әрі демократияландыруға және көп партиялы жүйені дамытуға бағытталған бастамаларына жоғары баға берді.

Бұл туралы арнамызға сұхбат берген Орталық Азия елдерімен ынтымақтасу бойынша Еуропарламент делегациясының басшысы Фулвио Мартушиелло мәлімдеді. Қазақстан Еуроодақ және Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастарының негізгі бір бөлігі екен. 

Фулвио Мартушиелло, орталық азия елдерімен ынтымақтасу бойынша еуропарламент делегациясының басшысы: 

- Еуроодақ демократияны дамытудағы Қазақстанның мүмкіндіктеріне сенеді және осыған байланысты ел басшылығы қабылдаған барлық шараларды жоғары бағалайды. Азаматтарға бейбіт шерулер өткізуге мүмкіндіктер беру және парламентарийлердің орны мен лауазымын көтеру жөніндегі Президент Тоқаевтың бастамаларын құптап отырмыз. Біз елдегі демократияландыру үрдісінің дамуы мен адам құқықтарының сақталуына ризамыз. Шағын бизнеске салық қысымын азайтқысы келетін президенттердің барлығы жақсы көшбасшылар. Тоқаевтың осы бастамасын өте маңызды әрі орынды деп санаймыз. Еуроодақ әлеуеті зор, озық ел ретінде Қазақстанға инвестицияларын салуды жалғастыруы керек. Мен Еуропарламент делегациясының басшысы ретінде осы қарым-қатынастарымыз бен инвестициялардың кепілгері болуға тырысамын.

Хабар 24 телеарнасы