386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының үздіктерін марапаттады

  • 183
  • UPD: 02:39, 06.09.2019

Биыл қазақ жерінен қара алтынның табылғанына - 120 жыл.

Мерейлі күнге орай Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының үздіктерін марапаттады.

Салтанатты жиында отандық мұнай өнеркәсібінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген 41 қызметкер марапатталды. Президент олардың әрқайсысы Қазақстан экономикасын ілгерілетуге атсалысты деді. Одан бөлек, бұл саланы дамыту үшін шетелден капитал тарту ісіндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан зор еңбегін атап өтті. Президент бұл жетістікпен тоқмейілсіп қалуға болмайтынын айтты. Алдағы уақытта мұнай өндіру көлемін арттырып, елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту міндеті тұр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Саланы дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес, 2025 жылға қарай мұнай өндіру жылына 100 миллион тоннадан, ал газ жылына 77 миллиард текше метрден асуы тиіс. Осы мақсатта 2021-2025 жылдарға арналған ауқымды геологиялық барлау бағдарламасы әзірленуде. Сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстанның жалпы ресурстық әлеуеті 75 миллиард тонна шартты отын болса, Орталық және Солтүстік Қазақстанның әлеуетті ресурсы шамамен 18 миллиард тоннаны құрайды.

Хабар 24 телеарнасы