385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халық бізден нақты ұсыныстар мен нәтижелер күтіп отыр – Президент

  • 116
  • UPD: 12:17, 06.09.2019
Халық бізден нақты ұсыныстар мен нәтижелер күтіп отыр – Президент zakon.kz

Ақорданың twitter-дегі ресми парақшасында Мемлекет басшысының ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысында сөйлеген сөзінен үзінді берілді.

Онда Қ.Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесі бұқараға берері мол бірегей құрылымға айналу керектігін баса айтты.

«Бүгін дәл осындай жаңа форматта кездесіп отырғанымыздың өзі оң өзгерістерге бәріміздің мүдделі екенімізді көрсетеді. Халық бізден нақты ұсыныстар мен нәтиже күтіп отыр»,– деді Президент.

Сондай-ақ әрбір азаматтың мүддесі маңызды екенін айтып, халық сеніміне селкеу түсірмеу керектігін еске салды.

«Ұлттық кеңеске мүше болып отырған өздеріңіздей азаматтар жұмылса, жұмысымыз табысты болады деп сенемін. Кез келген маңызды бастама қоғамда ашық талқыланып, халықтың қолдауына ие болуы тиіс», – деді ол.

Хабар 24 телеарнасы