386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы жұмыс сапарымен Ресейге барады

  • 151
  • UPD: 20:07, 06.09.2019
Елбасы жұмыс сапарымен Ресейге барады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде хабарлады. 

«6-7 қыркүйек күндері Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Іссапар барысында Елбасы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесіп, Ауыл шаруашылығы жетістіктері көрмесі аумағындағы «Қазақстан» ұлттық павильонын аралайды және Мәскеудегі қала күні мерекесіне орай өтетін іс-шараларға қатысады», - деп жазды Айдос Үкібай твиттерде.

Хабар 24 телеарнасы