386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин Мәскеуде Д.Медведевпен кездесті

  • 134
  • UPD: 15:32, 08.09.2019

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Мәскеуде Ресей Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті.

Үкімет басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, индустриялық және аймақаралық ынтымақтастықты одан әрі арттыру жайын талқылады. Бұдан бөлек, Асқар Мамин бірнеше екіжақты кездесулер өткізді. Бұл жиындарда инвестиция тарту бойынша тәжірибе алмасу, Астана халықаралық қаржы орталығының алаңын бірлесіп пайдалану, электрондық коммерция нарығын дамыту, көлік инфрақұрылымы сияқты өзекті мәселелер сөз болды.

Хабар 24 телеарнасы