389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ арнайы елшісі Қазақстан еңбегін жоғары бағалады

  • 228
  • UPD: 21:34, 08.09.2019
БҰҰ арнайы елшісі Қазақстан еңбегін жоғары бағалады

БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі Гейр Педерсен Қазақстанның бітімгерлік еңбегін жоғары бағалады.

Жуырда Қауіпсіздік кеңесінде өткен мәжілісте ол: «Сириядағы жағдайды реттеу үрдісі Женевадағы кездесулермен шектелмеуі керек. Астана форматы жалғасатынына еш күмәнім жоқ. БҰҰ осындай топтармен өз жұмысын жалғастырады», - деді. Гейр Педерсеннің Таяу Шығыс шиеленісін реттеуде тәжірибесі мол. Ол кезінде Палестинаны азат ету ұйымында Норвегия өкілі және Ливан бойынша БҰҰ-ның арнайы үйлестірушісі болып жұмыс істеген.

Гейр Педерсон, БҰҰ бас хатшысының сирия бойынша арнайы елшісі:

– Биылғы жылдың қаңтарынан бері Сирия мәселесімен айналысып келемін және Астана форматындағы кездесуге қатысу үшін Нұр-Сұлтанға барып қайттым. Қазақстанның маған берген қолдауын жоғары бағалаймын. Осы нақты мәселе бойынша Қазақстанмен әрі қарай да тығыз ынтымақтасуға ниеттіміз.

Хабар 24 телеарнасы