385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда Alibaba-ның желісі ашылуы мүмкін

  • 276
  • UPD: 12:01, 09.09.2019
Қазақстанда Alibaba-ның желісі ашылуы мүмкін inform.kz

Қазақстанда әлемдегі ең ірі Alibaba электронды сауда компаниясының желісі ашылуы мүмкін.

Бұл жайында бүгін ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің  министрліктің негізі бағыттарының бірі электронды сауданы дамыту болмақ. Бұл бағытта үлкен жұмыс атқарып жатырмыз. Таяудағы Мәскеуге сапарым барысында Ресейдегі №1 желі –Wildberries-пен келісімге қол қойдық. Олар бізге, Қазақстанда  электронды сауданы дамытуға көмектеседі», – деді ол ведомствоның Мемлекет басшысының таяудағы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған алқа отырысында.

Сонымен қатар министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-12 қыркүйектегі Қытайға сапары барысында  Alibaba жүйесімен танысу жоспарланып отырғандығын айтты.

«Мемлекет басшысының таяу күндердегі Қытай халық Республикасына сапар аясында Alibaba жүйесімен танысу жоспарланып отыр. Ынтымақтастық және осы жерде меншікті желісін дамыту, электронды сауда жүйесінде отандық тауарларды ілгерілету мәселесін талқылаймыз», – деді Бақыт Сұлтанов.

Хабар 24 телеарнасы