386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет жолдауда жүктелген міндеттерді орындау үшін жалпыұлттық жоспарды бекітті

  • 114
  • UPD: 15:21, 10.09.2019

Үкімет Мемлекет басшысының жолдауда жүктеген міндеттерін орындау үшін жалпыұлттық жоспарды бекітті.

Жоба 5 бағытты қамтиды. Соның аясында 81 іс-шара жүргізу жоспарланып отыр. Одан бөлек, жаңадан 6 заң жобасы қабылданбақ. Ол педофилдерге, есірткі тасымалдаушыларға және адам саудасымен айналысатындарға жазаны күшейту үшін жасалады. Жалпыұлттық жоспар енді Президенттің қарауына жіберіледі. Мемлекет басшысы бекітсе, құзырлы орындар сол бойынша дереу жұмысқа кіріспек. Осы ретте Асқар Мамин Президент тапсырмаларын орындау тікелей министрлер мен әкімдерге жүктеліп отыр деді.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Президент өз Жолдауында негізгі бес бағыт бойынша басты міндеттерді белгілеп берді. Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралардың ұсынылып отырған жоспары берілген тапсырмалар негізінде дайындалды. Президент құжатты бекіткеннен кейін мемлекеттік органдар мен әкімдікте алға қойылған міндеттерді шешуге дереу кірісу керек.

Отырыстан кейін, Үкімет басшысының бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов Президенттің шағын кәсіпкерлерді 3 жылға салықтан босату туралы тапсырмасына қатысты пікір білдірді. Ведомство басшысының айтуынша, бұл қадам бизнес өкілдеріне үлкен көмек болады. Бірақ бюджетке салықтан түсетін түсім көлемі бір жылда шамамен 200 млрд теңгеге азаяды.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - ҚР қаржы министрі:

– Өткен жылы микро және шағын бизнес өкілдері 190 млрд теңге көлемінде салық төледі. Егер осы кәсіпкерлерді табыс салығынан босататын болсақ, онда келесі жылы мемлекеттік бюджет кірісі 200 млрд теңгеге азаяды. Бірақ кедендік және салықтық әкімшілендіруді жүргізу арқылы осы табыстың орнын толтыруға болады.

Хабар 24 телеарнасы