386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесті

  • 108
  • UPD: 17:48, 10.09.2019

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуда төменгі палатадағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жұмысы талқыланды. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, қазір саяси ұйым мүшелері бірқатар маңызды заң жобасын әзірлеуге кіріскен. Әсіресе, сайлауалды бағдарлама мен ұлт жоспарында айтылған тапсымаларға басымдық беріліп жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар қыркүйектің соңында Еуропа мен Азия елдері парламенттері спикерлерінің кездесуіне дайындық барысы да сөз болды.

Хабар 24 телеарнасы