386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

  • 114
  • UPD: 19:44, 11.09.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады.

Басқосуда саяси ұйымды жаңғырту жөніндегі жұмыстар талқыланды. Әрі Jas Otan жастар қанатының қызметін белсенді жүзеге асыруға баса мән берілді. Нұрсұлтан Назарбаев осы бағытта қолға алынған шаралармен танысты. Сондай-ақ азаматтарды алаңдатқан мәселелерге тез арада көңіл бөлініп, оны шешуі тиіс қоғамдық қабылдаулардың жұмысы ерекше аталды. Соңында партия төрағасы бірінші орынбасарына нақты тапсырмалар берді.

Хабар 24 телеарнасы