386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан ұсынған Silk Viza жобасын қытайлықтар да қолдап отыр

  • 106
  • UPD: 09:57, 12.09.2019
Қазақстан ұсынған Silk Viza жобасын қытайлықтар да қолдап отыр

Бұл туралы Ташкентте өткен үш елдің nуристік компания өкілдерінің басқосуында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға 50-ден астам компания өкілдері қатысып, өзара іскерлік ынтымақтастықты нағайту мақсатында В2В форматында кездесулер өткізді. Тәжірибе алмасып, ортақ туристік бағыт құру жағын талқылады. Шараны ұйымдастырған қытайлық компания өкілдері біріңғай визалық режимін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер аумағында қолданысқа ендіру қажет деп санайды. «Өйткені бұл бауырлас екі ел мен қатар Жібек жолы бойындағы өзге мемлекеттердің арасындағы туристік ағымның артуына негіз болады», - деп отыр.

Рики Ие, қытайлық компания өкілі:

- Біз Silk Viza жобасын уақтылы көтерілген мәселе,деп санаймыз. Өйткені қазірдің өзінде Шаңхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің әртүрлі талаптары бар. Сондықтан біріңғай визалық режимін ендіру туристер үшін қолайлы жағдай тудырады. Орталық Азия елдерімен қатар ұйымға мүше өзге де мемлекеттерді байланыстыра отырып, оның ауқымын кеңейтуге болады деп ойлаймыз. Визаларға қойылатын талаптар мен оны оңай алу жолын қарастыру елдегі туризм индустриясын ғана емес басқа салалардың дамуына да оң ықпал етеді.

Әлия Жақыпқызы, қазақстандық компания өкілі:

- Бұл жерде қазақстандық туристік компаниялар үшін көршілерге, яғни өзбекстандық әріптестерімізге турларды сату жолы жеңілдейді. Оған қоса, жарнамаға кететін шығын азаяды. Өйткені ол қос ел тарапынан Қазақстан мен Өзбекстан жағынан жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы