386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасын Қазақстанға шақырды

  • 263
  • UPD: 16:55, 13.09.2019
Қ.Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасын Қазақстанға шақырды

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді 2020 жылы Қазақстанға келуге шақырды.

Бұл туралы президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов ОКҚ баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айта кетсек, Қасым Жомарт Тоқаев 10-12 қыркүйекте Қытайға екікүндік мемлекеттік сапармен барған болатын. Сапар барысында 10 маңызды құжатқа қол қойылды. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мырза мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың арасында өте жоғары деңгейдегі келіссөз өтті.

Сонымен қатар Қазақстан президенті кездесулер барысында Қытай түрмесінде отырған отандасымыз Ақжарқынның мәселесіне қатысты да жеке өтінішін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы