387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғабидолла Әбдірахымов ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

  • 214
  • UPD: 19:29, 13.09.2019
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды otyrar.kz

ҚР Премьер-министрінің Өкімімен Әбдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасымен неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебінде оқып, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.

Түрлі жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігін, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарған. ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР Премьер-министрі кеңсесінің басшысы, «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымдарын атқарған. 2015-2017 жылдары, сондай-ақ 2018-2019 жылдары Шымкент қаласының әкімі болып жұмыс істеді.

Хабар 24 телеарнасы