387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Сыртқы істер министрі Б.Атамқұлов ресейлік әріптесімен телефон арқылы сөйлесті

  • 198
  • UPD: 11:36, 14.09.2019
ҚР Сыртқы істер министрі Б.Атамқұлов ресейлік әріптесімен телефон арқылы сөйлесті

ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров телефонмен сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР СІМ-нің Telegram-дағы ақпаратына сәйкес, екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары осы жылдың 7 қарашасында Омбы қаласында өтетін XVI Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелерін пысықтап, қазанның 10-11 күндері Ашхабадта өтетін ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі мен Мемлекет басшылары кеңесіндегі ұстанымдарын нақтылаған. Қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастың өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасқан.

«Б.Атамқұлов С.Лавровты Нұр-Сұлтанға сапармен келуге шақырды. Шақыру қабыл алынды. Күні қосымша келісілетін болады», - деп атап өтті ведомство.

Хабар 24 телеарнасы