389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдік қауымдастық Қ.Тоқаевтың БҰҰ БА сессиясына қатысуын күтіп отыр

  • 244
  • UPD: 10:32, 17.09.2019

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 74 сессиясы жұмысында Қазақстан Президенітінің қатысуын күтіп отыр.

Ал осы кезде ұйым басшылығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жасаған Жолдауымен танысты. БҰҰ билік сабақтастығы мен сындарлы қоғамдық диалогқа алған еліміздің бағытына қолдау білдірген. БҰҰ Бас хатшысының Еуропа, Орталық Азия және Америка мәселелері бойынша көмекшісі Мирослав Енча Нью-Йорктегі тілшімізге сұхбат берді. Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттармен үндесіп тұр. Белгілі саясаткер билік пен қоғам арасында үнемі диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті. 

Мирослав Енча, БҰҰ Бас хатшысының Еуропа, Орталық Азия және Америка мәселелері бойынша көмекшісі:

- Осыдан бірнеше күн бұрын ядролық сынақтарға қарсы қимыл-әрекеттің халықаралық күнін атап өттік. Бұл күнді Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен БҰҰ күнтізбегіне қосқан. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында сабақтастық көрініп тұрғаны маған ұнады. Қазақстанды, экономикасын, әлеуметтік жағдайын, ауыл-шаруашылығын дамытуға алған бағыт жалғасатыны білініп тұр, бірақ сонымен сөз еркіндігі мен азаматтық қоғамға да үлкен көңіл бөлінеді. Мемлекет пен қоғам арасында осындай түсіністік елдің даму жоспарын орындауға көмектесіп, бүкіл халыққа игілік әкеледі деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы