389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда ҚР Президентінің жолдауы талқыланды

  • 260
  • UPD: 09:24, 17.09.2019
Ұлыбританияда ҚР Президентінің жолдауы талқыланды

Ұлыбритания жұртшылығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары бойынша өз пікірлерін білдірді.

Қоғамдық ұйым өкілдері Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру және бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалау сияқты маңызды мәселер бойынша өз ойларын ортаға салып, осы бағыттағы британиялық тәжірибемен бөлісті. «Вестминстер демократия үшін» қорының өкілі Магдалена Рандалл-Шаб «Қазақстан азаматтарының қоғамның өмірлік маңызы бар мәселелерге тартылуы өте дұрыс шешім» деп бағалады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын талқылай келе ол британиялық тәжірибеден де мысал келтірді.

Магдалена Рандалл-Шаб, «Вестминстер демократия үшін» қорының өкілі:

- Біріккен Корольдік кез келген азаматтың саяси шешім қабылдау үдерісіне қатысуына толық мүмкіндік беретін айрықша мемлекет. Халық басынан аяғына дейін араласып, өз үнін қосады. Меніңше, бұл тұрғыда Ұлыбритания Орталық Азия елдерімен озық тәжірибесімен бөлісе алады. 

Басқосу барысында Жолдаудың экономикалық реформалар бөлімі де зерделенді. Сарапшылардың пікірінше, экономиканы әртараптандырып, шикізатқа тәуелділіктен бас тарту арқылы 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге Қазақстанның толық мүмкіндігі бар. Сондай-ақ мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасы да мол нәтиже бермек. Қазақстаннның Ұлыбританиядағы елшілігі ұйымдастырған шараға сондай-ақ Британ-Қазақ қоғамының мүшелері, British Council ұйымының қызметкерлері және британиялық БАҚ өкілдері қатысып, әрқайсысы өз салалары бойынша пікірлерін білдірді.

Хабар 24 телеарнасы