389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО-дағы егін алқаптарының бірін аралады

  • 247
  • UPD: 20:14, 17.09.2019

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Петропавлға барды.

Президент өңірдегі егін алқаптарының бірін аралап, ондағы астық жинау жұмыстарымен танысты. Биыл облыста бидай бітік шыққан. Диқандар әр гектардан орташа есеппен 30 центнерден өнім алуда. Кей ауданда бұл көрсеткіш 70 центнерге дейін жеткен. Күн райының қолайсыздығына қарамастан қазір шаруалар орақ науқанына қызу кіріскен. Осы күні астықтың 40 проценті қамбаға құйылыпты.

Осыдан кейін, Президент өңірдегі ірі ферма қызметкерлерімен кездесті. Қазір мұнда 50 адам еңбек етіп жатыр. Шаруа қожалығында 600-ге жуық сиыр бар. Барлығы Германиядан жеткізілген. Олар күніне 11 мың литр сүт береді. Одан айран да, сүзбе де дайындалады. Дайын өнімдер іргедегі Ресейге тасымалданып жатыр. Арнайы субсидияның арқасында шаруалар осындай толайым табысқа кенеліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы