389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі 2021 жылдың маусым айында өтеді

  • 204
  • UPD: 18:21, 18.09.2019

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-сьезі Елордада 2021 жылдың маусым айында өтеді. Бұл туралы бүгін сьезд хатшылығының 18-отырысында айтылды.

Жалпы жиынға қатысушылар 4 тақырып бойынша сөз қозғады. Ең алдымен былтыр қазан айында өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 6-съезіне қатысты  пікірлер айтылды. Бұдан бөлек келесі жетінші жиынның күн тәртібі қаралды. Тараптар келесі жылдың наурыз айына дейін өз ұсыныстарын жария етуге уәде етті. Ал хатшылық отырысына жетекшілік еткен Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева қазақ елі әлемдегі дәстүрлі дін өкілдерін бір шаңырақ астында жинап, ортақ алаң ұсынған сәттен бері 16 жыл өткенін атап өтті.  

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Жаңа мыңжылдық басында ең жоғары деңгейде конфессияаралық ашық диалог өткізу нағыз революциялық іс еді. Ал бүгінгі күні ірі әлемдік конфессиялар басшыларының Еуразия кіндігінде кездесуі ізгі дәстүрге айналды.

Хабар 24 телеарнасы