389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британдық сарапшылар Елбасының бейбіт бастамаларын талқылады

  • 159
  • UPD: 18:11, 18.09.2019
Британдық сарапшылар Елбасының бейбіт бастамаларын талқылады

Ұлыбританиялық сарапшылар Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының ядролық қарусыздану бағытындағы бейбіт бастамаларын талқылады.

Осы басқосуда екі қолсыз суретші Кәріпбек Күйіковпен кездесіп, туындыларымен танысты. Семей полигонының құрбаны және АТОМ жобасының Құрметті елшісі сарапшыларға қайғылы оқиғаның салдары мен оның қайталануына жол бермеу бағытында Қазақстанда атқарылып жатқан орасан жұмыстар туралы айтып берді. Сондай-ақ Кембридж, Оксфорд, Лафборо университеттері мен Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің профессорлары Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамаларын және оның қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалайтындықтарын байқатты.

Николас Рэй, Кэмбридж Университетінің өкілі:

- Әлбетте бұл бастама бүкіл әлемде кең қолдау тауып, қазақстандық тәжірибе барлық мемлекеттер үшін үлгі болады деп үміттенуіміз керек. 

Крис Алден, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің профессоры:

- Бұл өте маңызды бастама. Қазір кейбір мемлекеттердің ядролық сынақтарға қайтадан кірісуді қалайтынын байқауға болады. Біз оның әкелген қайғы-қасіреттері туралы ойланып, қайталанбауын қадағалауымыз керек. 

Сондай-ақ қонақтар белгілі британиялық режиссер Андре Сингердің «Жел қайда соғады» атты деректі фильмін көрді. Көркем дүние әскери тәжірибелердің қорқынышты салдарына тап болған жүздеген мың адамның - Қазақстан тұрғындарының трагедиясы туралы баяндайды. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының Ұлыбританиядағы өкілдігі екі елдің сарапшыларымен әлемдік қауымдастықтың жаһандық мәселелерді тұрақты түрде талқылауды жоспарлап отыр.

Ғани Бекенов, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының Ұлыбританиядағы өкілі:

- Бүгін сарапшылардың көпшілігінің сөзінен бізде болып жатқан оқиғаларға деген қызығушылықтың орасан екендігін байқадық. Орталық Азия - қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі ретінде, Қазақстан осы аймақтың орталығы ретінде, бейбітшілік идеяларының бастамашысы ретінде, Еуразиядағы сыртқы саяси оқиғалардың көпшілігінің драйвері ретінде біздің елге деген сұраныс жоғары.

Хабар 24 телеарнасы