389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы ҚХА Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевты қабылдады

  • 239
  • UPD: 22:22, 18.09.2019
Елбасы ҚХА Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевты қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады.

Кездесуде тұңғыш президент Ассамблея жұмысының барысы мен жоспарын саралады. Сондай-ақ өңірлердегі жұмыстың тиімділігін арттыру қажеттілігі жөнінде баса айтты.

«Қазақстан - көп этностық мемлекет. Егемендік алғалы көпұлтты халқымыз еліміздің қалыптасуына ерен үлес қосып, бейбітшілікті ту етті. Менің Ассамблея мен Қазақстан халқына алғысым шексіз. Осы күнге дейін менің саясатымды қолдап, іргемізді бекітті» деді Елбасы.

Өз кезегінде Жансейіт Түймебаев ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған шаралардың орындалу барысы, оның ішінде 2020 жылы Ассамблеяның 25 жылдығына дайындығы туралы баяндады. Кездесу соңында Ассамблея төрағасы бірқатар тапсырма жүктеді.

Хабар 24 телеарнасы