389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Қорғаныс министрі ресми сапармен Ресейге барды

  • 210
  • UPD: 09:06, 19.09.2019

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің шетелге алғашқы ресми сапары өтті.

Ведомство басшысы Мәскеуге өзінің ресейлік әріптесі Сергей Шойгудың шақыртуымен барды. Кездесу барысында министрлер бірлескен жедел және жауынгерлік даярлық, нормативтік-құқықтық базаны және әскери-техникалық ынтымақтастықты жетілдіру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ сапар аясында министр шет мемлекеттердің қорғаныс саласына қажетті мамандарды даярлайтын әскери университетке барды. Әскерилердің тұрып жатқан орындарын, оқу корпусын аралап шықты. Сонымен қатар бөлімшенің қару-жарағы мен әскери техникасымен де танысты.

Хабар 24 телеарнасы